IK Consulting (Improvement & Knowledge Consulting) ЖШС – алдыңғы қатарлы консалтинг қызметтерін көрсететін компания. Компания 2005 жылдың 9 қараша айында Интерсертифика Казахстан бренді атымен құрылып, 2018 жылдың 15 тамызындағы ребрендинг нәтижиесінде IK Consulting (Improvement & Knowledge Consulting) деп атауын өзгертті.
Сіздерге және сіздің кәсіпорныңыздың қызметінің бағыттары мен ерекшеліктеріне байланысты біздің компания халықаралық ISO стандарттарына сәйкес менеджмент жүйесін қалыптастыру және енгізу саласындағы 14 жылдан астам тәжірибиесін ұсынады.
Сіздердің кәсіпорныңыздағы менеджмент жүйесін қалыптастыру үшін IK Consulting (Improvement & Knowledge Consulting) 2 түрлі қызметті жүзеге асырады:
ISO 9001:2015 – Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар;
ISO 14001:2015 – Экологиялық менеджменті жүйелері. Талаптар;
ISO 45001:2018 (OHSAS 18001:2007) – Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар;
ISO 50001:2018 – Энергия менеджменті жүйелері. Талаптар;
ISO/IEC 27001:2013 – Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Талаптар;
ISO 22000:2005- Тағам өнімдерінің қауіпісіздігі менеджменті жүйелері. Талаптар;
және тағы басқа халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес менеджмент жүйелері.
Ашық ақпараттық оқыту курстары (жинақталған семинар): Нұр-Сұлтан қаласындағы, «IK Consulting» оқыту орталығында ұйымдастырылады.